Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қарашадағы мәліметі бойынша, 34 068 адам (–29 146+ және 4 922 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 6 778 пациент, амбулаторияда 27 290 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 505 адамның жағдайы ауыр, 128 пациенттің жағдайы өте ауыр. 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 932 адамнан коронавирус анықталды.
