Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Дәулет Сембаев қайтыс болды

Фото: Wikimedia.org

Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Айдос Сарым Facebook-парақшасында естіртті.

Дәулет Хамитұлы Сембаев дүниеден озыпты… Ғаламат адам, ғаламат азамат еді…, — деп жазды Айдос Сарым.

Дәулет Сембаев 1935 жылы 10 тамызда дүниеге келген.

1991-1993 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және бірінші орынбасары болды.

1993-1996 жылдары Ұлттық банкті басқарды.

1996-1997 жылдары Сенат депутаты болды.

Әр жылдары Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарды, 2005 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы болды.

Дәулет Сембаев Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына кірді, Ұлттық банкті басқарған жылдары Қазақстанда ұлттық валюта – теңгені енгізді.

Мақалаға реакция