Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болу дерегі азайды

Фото: Aa.com.t/Fatemeh Bahrami

Денсаулық сақтау министрлігінің 15 қарашадағы мәліметі бойынша, 34 675 адам (–29 734+ және 4 941 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 6 925 науқас, амбулаторияда 27 750 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 520 адамның жағдайы ауыр, 120 пациенттің жағдайы өте ауыр. 104 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 038 адамнан коронавирус анықталды.

Мақалаға реакция