Алматыда 12 қарашадан бастап COVID-19 вирусына қарсы Pfizer екпесін салу басталды. Қала бойынша 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен емізулі аналартComirnaty Pfizer / BioNTech екпесімен егілді. Ең алдымен мектеп оқушылары, колледж студенттері, жүкті және бала емізетін аналар екпе алды. Алматы тұрғыны Вероника Букша Алматыдағы N4 қалалық емханаға қаралған, осыдан 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген. Вероника бүгін екпені бірінші болып салдырды.
Мен бала емізетін анамын, сондықтан баламды, өзімді, отбасымды мүмкіндігінше қорғағым келеді. Емханадан медицина қызметкерлері шақырып, алғашқылардың бірі болып Pfizer екпесін салдырдым. Мен өте қуаныштымын. Себебі мен осы күнді күткен едім, – деді Вероника Букша.
Ал Қарлығаш Алтаева ол бұл вакцинаны көптен бері күтіп жүргенін айтты.
Pfizer екпесі жеткізілгеннен кейін олар мені шақырды. Бірінші компонентті салдырдым. Былтыр COVID-19-бен ауырғанжықтан, оның қаншалықты қиын екенін білемін. Менің жанымдағылардың бәрі вакцина салдырғандар, − деді Қарлығаш Алтаева.
Сонымен бірге №4 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Мадьярова кейінгі екі аптада емханада Pfizer екпесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
№4 емхана 12 мен 17 жас аралығындағы 4540 бала оқитын 10 мектепке қызмет көрсетеді. Ертең біздің дәрігерлер, яғни эпидемиологтар, салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мектеп оқушыларының ата-аналарына онлайн семинарлар өткізеді. Бүгінде бала емізетін әйелдер, жүкті әйелдер, колледж студенттері, жоғары оқу орындары, сонымен қатар студенттер екпе алды. Қазіргі таңда екпеге 40 бала емізетін анадан, 29 жүкті әйелдерден, 38 мектеп оқушыларының ата-аналарынан келісім алынды, − деді дәрігер.