Мазмұнға өту
Басты бет / Instagram /

Жаңажылдық тест: темпераменті қандай адамсыз?

Иллюстрация: Dmitry Lauretsky/Dribble.com

Бұл тестіде дұрыс-бұрыс жауап деген болмайды. Көңіліңізге қай нұсқа жақса, соны белгілейсіз. Жаңа жылға қатысты сұрақтарға жауап беріп, темпераментіңізді біліп алыңыз.

0%

Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді?

Тест: темпераменті қандай адамсыз?
Сангвиник
Сангвиниксіз! Көпшіл, оптимист, қарапайым және үнемі жаңа әсер мен адамдармен танысуға ұмтылатын, әсершіл адамсыз. Ал көңіл-күйіңіз әп-сәтте өзгереді және бұл жүзіңізден, мимикаңыздан көрініп тұрады. Жаңа дүниеге тез қызығып, тез қайтасыз. Шапшаң, икемді, еті тірі жансыз. Дегенмен шамаңызды ескермей жатасыз. Салдарынан кей жұмысыңыз аяқсыз қалады. Сангвиник адамдармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа аса мән бермейді. Мұндай адамдар мерекені көпшілікпен бірге қызық өткізгенді ұнатады. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесін жақсы атап өтуге тілектеспіз!
Холерик
Холериксіз! Мінезіңіз тік, қызуқанды, шапшаң, импульсив адамсыз. Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Кейде эмоцияға беріліп, жұрт назарында болуды қалауыңыз мүмкін. Сонымен бірге күш-жігеріңіз тасып тұр, соның арқасында еңбекке қабілетіңіз зор! Жаңа жыл мерекесін қалай және қайда атап өтетініңіз де көңіл-күйіңізге тікелей байланысты. Қаласаңыз, таңға дейін тойлайсыз, болмаса, түнгі он екіден кейін ұйықтап, келесі күні жұмысқа кірісіп кетесіз. Жаңа жылды жақсы атап өтуге тілектеспіз!
Меланхолик
Меланхоликсіз! Сізді ұяң, тұйық, сөзге сараң, сезімтал, жайбасар адам деп айтуға болады. Мұндай адамның жүйке-жүйесі әлсіз болады. Көп нәрсені ішініңізде сақтайсыз. Кейде түймедейді түйедей етіп қабылдап жатасыз. Қуанышты сәт пен мерекені көбіне тек жақындарыңызбен тойлайсыз. Мұндай күндері меланхоликтерге ұсақ-түйек сәтсіздікке көңіл-күйін түсірмеуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесін жақсы атап өтуге тілектеспіз!
Флегматик
Флегматиксіз! 10 рет өлшеп, бір рет кесетін адамсыз. Жаңа жыл сияқты мерекенің өзіне тап-тұйнақтай дайындалып, бастан-аяқ жоспар құрып қоясыз. Дегенмен бір істен, ортадан екіншісіне ауысуыңыз қиын. Әдетте көңіл-күйіңіз бірқалыпты. Эмоцияңызды ашық көрсете бермейсіз. Жарқырап қуануыңыз да, жабырқап қайғыруыңызда қиын. Байсалды болғаныңыз сонша, ашуландыру оңай шаруа емес. Жаңа жылды жақсы атап өтуге тілектеспіз!

Бөлісе отырыңыз: