2017 жылдың басында прокатқа шығатын отандық фильмдер

«Мен сені сүйемін, Акерке!»

Уақыты: 2 ақпан

Рөлдерде: Айсаным Қастеева, Нұрлан Наурызбаев, Нәзия Назарбек, Данияр Тұранов, Аяулым Тұрысбекова, Жұлдыз Алиманова, Санди Госман, Әділет Макен, Хакім Ерғалиев, Абылай Ибрайұлы

Режиссер: Мейірім Арғымбаева, Нәзия Назарбек

Жанр: романтикалық мелодрама

Шынайы оқиғаға түсірілген фильм өнер институтының студенттері туралы. Қазақстанның әр аймағынан арман қуып Астанаға келген Ақерке мен Азамат бір-біріне ғашық болып қалады. Армандары — мәңгілік бірге болу. Алайда, Ақеркенің айықпас дертке шалдығуы олардың армандарының күл-талқанын шығарады. Оқиғаның соңы немен бітпек?

«Ананы іздеу»

Уақыты: 16 ақпан

Рөлдерде: Тәуекел Мүслім, Азамат Ұланов, Майкл Мапонго

Режиссер: Руслан Акун («Салам, New York», «Бішкек, мен сені сүйемін»)

Жанр: отбасылық комедия

Фильм анасын іздеп Америкаға аттанған Азамат есімді бала туралы. Оның есте сақтау қабілеті жоғары, кез келген ақпаратты үтір-нүктесіне дейін жадында сақтайды. Алайда туған анасының түрі есінде жоқ…

«Келін де адам»

Уақыты: 23 ақпан

Рөлдерде: Әсел Садуақасова, Данагүл Темірсұлтанова, Данияр Алшынов, Әмина Малғаждар.

Режиссер: Аскар Ұзабаев («Осторожно, корова!», «Жол», «Гламур для дур»)

Жанр: комедия

Келинка тоже человек

Майра мен оның келіні Айжанның қарым-қатынасы өте шиеленісіп кеткен. Күндердің бір күні ескі заттар сататын дүкен иесі Айжанға сиқырлы шәйнек береді. Одан шәй ішкен ене мен келіннің жандары ауысып кетеді. Бұл олардың арақатынасын түзей ала ма?

«Бәрі еркектерден»

Уақыты: 2 наурыз

Рөлдерде: Мұрат Бисенбин, Тәуекел Мүслім, Данияр Алшынов, Жәния Джуринская , Сая Оразгалиева, Әсел Ақбарова, Наталья Наумова.

Режиссер: Виктор Бормотов («Универ», «Интерны» сериалдары)

Жанр: комедия

«Наурыз.kz»

Уақыты:16 наурыз

Рөлдерде: Берік Айтжанов, Жанар Дұғалов, Анатолий Кренженчуков, Алдабек Шалбаев, Кентал, Айқын, Шәріп Серік, Жеңіс Омаров, Антон Зайцев.

Режиссер: Асқар Бисембин («Свадьба на троих», «Адель», «Папины дочки» сериалы)

Жанр: халықтық комедия

Біз жыл сайын көктемді таңғажайыптай күтеміз! Ал ғажайып дегеніміз — ес-түссіз жатқан әкімнің ауылды бір жыл бойы басқаруы; Бұл америкалықтың Шымкенттен туысын тауып алғаны; Бұл ең әдемі қыздың бизнесменді емес, қарапайым такси жүргізушісін таңдауы; Бұл ең ұлы махаббаттың студент шәкіртақысына күн көре алатындығы… Көктем — ол армандар орындалатын Наурыз!

https://www.youtube.com/watch?v=x2xgEC0NRgs

Дереккөзweproject.kz