11 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның 1-ші компонентін 8 478 672 адам, 2-ші компонентін 7 753 142 адам салдырды, – делінген хабарламада.
Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 1 006 961 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 994 902.
Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 173 259 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 219 адамнан коронавирус анықталды.
