Алматы — Дубай әуе рейсі бір күнге кешіктірлді

Бұл туралы әуекомпанияның сайтында хабарланған.

Араб лоукостері Flydubai FZ 1722 рейсі Нұр-Сұлтан уақытымен 4.50-де Алматыдан Дубайға ұшуы керек еді. Алайда жолаушыларға ұшақтың техника себептеріне бойынша рейстің кейінге қалдырылғаны туралы хабарланды.

Лоукостердің колл-орталығының мәліметінше, әуебилеттерді брондау жүйесінде рейстің кейінге қалдырылғаны көрсетілген.

FZ1722 рейсі бір күнге ауыстырылды. Біз әлі себептерді атай алмаймыз. Жолаушыларға қажетті ақпаратпен электрон поштаға SMS немесе хат келеді. Сондай-ақ, олардан билетті ауыстыру немесе толық қайтару сұралады. Мүмкін ұшу ертерек жоспарланған шығар. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз, — деді колл-орталықта.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі де рейстің басқа уақытқа ауыстырғанын растады.