Өскемендегі кәсіпорында екі жұмысшы қаза болды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімі абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Марқұм болған ер адамдар — 28 және 20 жаста. Олардың неден мерт болғаны анықталып жатыр.

Еске салайық 7 қараша күні Қарағанды облысының «Абай» шахтасында 6 кенші көз жұмған болатын.