Басты бетБілімҚазақстанда педагогтарды...

Қазақстанда педагогтарды дайындайтын ЖОО саны азайды

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды.

Болашақта балалармен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілік мәселесі біз үшін өте маңызды. Мектептердегі оқушыларды өз ісін жақсы көретін мамандар оқытуы керек. Елімізде болашақ мұғалімдерді сапалы даярлайтын жоғары оқу орындары бар. Алайда, кейбір университеттегі тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді және университеттердің барлығы бірдей талаптарға сәйкес келе бермейтінін көрсетеді. Министрлік білім беру қызметтерінің сапасын сәйкестендіруге уақыт береді. Егер жоғары оқу орны сапаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізбесе, біз қатаң шаралар қабылдаймыз. Атап айтсақ, лицензиядан айырамыз, — деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде педагогтарды дайындайтын жоғары оқу орындары аз.

Есесіне педагогтарды бәсекеге қабілетті университеттер дайындайды. Уақыт өте келе бұл оң нәтиже береді, — деді ол.