Коронавирус пен пневмониядан 12 қазақстандық қайтыс болды

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, коронавирустан 9, пневмониядан 3 науқас қайтыс болды.

7 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 40 856 адам (35 528+ және 5 328 КВИ-), олардың ішінде 7 563 науқас стационарда, 33 293 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр, – делінген министрліктің хабарламасында.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 556 адамның жағдайы ауыр;
  • 144 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 104 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 031 адамнан коронавирус анықталды.