Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, коронавирустан 23, пневмониядан 5 науқас қайтыс болды.

7 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 40 950 адам (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-), олардың ішінде 7 401 пациент стационарда, 33 549 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 558 адамның жағдайы ауыр;
  • 142 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 115 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

5 қарашада коронавирус инфекциясына ұқсас пневмонияның 145 дерегі тіркелді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да