Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді деп жазды Olympic.kz.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты.

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында бес қола медаль бар. Бокстан Қамшыбек Қоңқабаев алса, дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген еді.