Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 6 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Шымкент.
Қазақстанда кеше, 5 қарашада коронавирус жұқтырудың 1 328 дерегі анықталды.
