AliExpress тауарларын Қазақстанға жылдам жеткізу жолы ұсынылды

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайдан тауарлар Орта Азияға Шығыс Еуропа арқылы жеткізілетіндіктен, жеткізу уақыты шамамен 60 күнді алады. Бұл тұтынушылар үшін тиімсіз болады, содан кейін олар тауар сатып алуды тоқтатады. Осы мерзімді 30 күнге дейін қысқартқан жағдайда тауар сатып алудың өсуі байқалады, — деді Алиэкспресс Ресей ТМД бағытының жетекшісі Дмитрий Андрюхин.

Сондай-ақ Aliexpress Ресей өкілдері Қазақстанға тауарларды жеткізу үшін тұрақты бағдар орнату және Орта Азия өңірлері үшін Қорғас базасын пайдалану туралы ұсыныс жасады.

2020 жылы Еуразиялық үкіметаралық кеңес халықаралық электронды сауда аясында жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін сатып алатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына бажсыз жеткізу шегін кезең-кезеңімен төмендету мәселелерін пысықтауды тапсырды. Бүгінде 200 еуро (немесе салмағы бойынша 31 килограмм) мөлшерінде баж салығынсыз шек белгіленген. Осы шектен асып кеткен жағдайда мұндай жоғары шектің 15%-і (немесе 2 еуро/килограмм) мөлшерінде кедендік баж төленеді.

Өз кезегінде Ержан Қазанбаев Қазақстан келіссөз жүргізу үшін ашық екенін және ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан тұрғындары AliExpress Ресей платформасында 3,7 миллионнан астам тапсырыс рәсімдеді. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанға 10 миллионнан астам тауар жеткізілетін болады.