Президент азық-түліктің қымбаттау себебін анықтауды тапсырды

Президенттің айтуынша, биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4%-ке өскен. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9%-ті құрады.

Менің тапсырмаммен делдалдық схемаларды тергеу бойынша өңірлік комиссиялар құрылды. Алайда нәтижені президент те, азаматтар да көріп тұрған жоқ. Президент әкімшілігі мән-жайды анықтап, бір апта ішінде есеп беруге тиіс, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан өзге, президент Үкімет пен әкімдіктерге бірқатар нақты тапсырма жүктеді.