Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде арнаулы орта оқу орындарында 32, ЖОО-да 13 студенттен инфекция жұқтырды.
Өңірде 6 мектепте 7 сыныптың оқушылары мен мұғалімдерін үй карантиніне көшіру туралы 5 қаулы шығарылды. Жыл басынан бері 29 613 науқас тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда, көрсеткіш 4483,2-ден келеді, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Ауырғандардың басым көпшілігі, яғни 48 проценті (14 268) Орал, 15 проценті (4 384) Бәйтерек, 13 проценті (3 697) Бөрлі ауданының үлесіне тиеді. Кейінгі аптада (22-28 қазан) алдыңғымен (15-21 қазан) салыстырғанда, ауру жұқтыру 6,4 процентке (312-ден 292-ге) азайды.
