Google кәмелетке толмағандардың суреттерін жоюға рұқсат берді

Америкалық Google компаниясы кәмелетке толмағандардың фотосуреттерін іздеу нәтижелерінен жоюды сұрауға рұқсат берді.

18 жасқа дейінгі кез келген адам, сонымен бірге олардың ата-анасы немесе қамқоршысы енді іздеу нәтижелерінен фотосуреттерді жоюды сұрай алады, – делінген Google блогында.

Хабарламада жойылған фотоматериалдар «суреттер» бөлімінен жойылады, бірақ олар ғаламтордан толығымен жойылатынына кепілдік берілмейді делінген.