Шудағы жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің дерегінше, пышақ жарақаттарының салдарынан екі адам қайтыс болды. Тағы бір адам аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның 34 жастағы сыбайласының қайда жүргені анықталып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, − делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, сот сараптамасы тағайындалды.