Жаңбыр, қар, боран: 28-30 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш тәулікте жаңбыр мен қар жауып, желдің күшейетінін, еліміздің солтүстік және орталық аудандарында төменгі бұрқасын мен көктайғақ болатынын хабарлады.

28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын, сонымен бірге республика бойынша тұман болжанады.

Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз негізгі фон 5-15 жылуды, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 жылуды құрайды. Оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылу, күндіз 7-15 жылу, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 жылу, күндіз 10-18-ден 7-15 жылу аралығында ауытқиды, — делінген хабарламада.