Ауған әйелдері тарнзиттік дәліз ретінде Алматы әуежайынан ұшады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.