Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктер сайты істемей қалды

Иллюстрация: Dribbble.com ©Serj Marco

Министрліктер мен әкімдіктердің gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайттарына кіру мүмкін емес. Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға ақ экран бетінде «тілдерді жүктеу» деген жазу шығады. Бұл ақау 22 қазан таңертең пайда болды.

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктер сайты істемей қалды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мемлекеттік органдар сайтындағы ақауды растап, қазір порталды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта EPIR GO жобасындағы ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.