Жаңбыр және қар: алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер мәліметінше, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары ауысып, ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әкеледі.

Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана ауа температурасы төмендейді. Бірақ фронталь жүйелер елдің барлық аймағына ықпал етеді — жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.