Жандарбек Бекшин неге тойға бармайтынын түсіндірді

Жандарбек Бекшин өзі ауырмаса да, инфекцияны тасымалдаушы ретінде отбасына жұқтырамын ба деп қорқатынын айтты.

Ауруды жұқтырып, жазылғаныма, вакцина салғаныма қарамастан тойға бармауға үндеймін, өйткені тасымалдауым мүмкін. Өзім ауырмасам да, вирусты отбасыма тасымалдауым мүмкін. Сол себепті қазіргі күні тойларға барудан бас тартамын, — деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге журналистер Жандарбек Бекшиннен демалыс күндерін қалай өткізетіні туралы сұрады.

Cенбі күні мен жұмыстамын, жексенбі күні жарты күн, түстен кейін жұмыста боламын. Таза ауада серуендеймін. Сенбі-жексенбі күндері бір сағат үстел теннисін ойнаймын, — деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері.