Алматы тұрғындары Жандарбек Бекшиннің жұмысына қандай баға береді?

Baribar.kz тілшілері алматылықтардан бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жұмысы және қаладағы шектеулер жөнінде сұрады.

Блиц-сауалнамаға қатысқандар мына сұрақтарға жауап берді:

  1. Демалыс күндері Алматының кейбір нысандарына Ashyq бойынша тек «жасыл» статусы барларды ғана кіргізу туралы шектеу дұрыс па?
  2. Алматының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жұмысы туралы не ойлайсыз, коронавируспен күресу шаралары нәтиже беріп отыр ма?
  3. Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны қазіргіден де азаюы үшін қандай шектеу енгізуі керек?

Жандарбек Бекшин — Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері, бұл қызметке 2020 жылдың сәуірінде тағайындалды.

Ол мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары және оның алдында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болған.

Еске салайық, Қазақстанда 2021 жылдың 28 тамызынан бастап демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне және мейрамханаларға Ashyq бойынша тек «жасыл» статусы бар азаматтар немесе ПТР сараптамасын жасатқандар ғана кіре алады. Алматыдағы нысандар да осы талап бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алматыда 21 қыркүйектің қорытындысы бойынша 498 адам коронавирус жұқтырған. Бұл — республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда ең көп дерек.

Видеоны түсірген: Бақдәулет Әбдуалы