Шымкентте қоқыстан табылған сәбидің анасы анықталды

Кеше, 18 қазан күні полицияға Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазалау барысында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері жаңа туған баланың мәйіті бар пакет тапқаны туралы хабарлама түскені туралы жазған едік.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында 1996 жылы туылған күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді, − делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және оны қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды.