Биыл елден 22 мыңнан астам қазақстандық көшіп кетті

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарының дерегінше, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6 339 адам келген. Елімізден кеткендер саны 22 685 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 84,1% және 86,1% құрайды.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,3% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (20 235 адам), Нұр-Сұлтан (18 390 адам), Шымкент (9 276 адам)  және Маңғыстау облысында (346 адам), – делінген хабарламада.