Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды, — деді Берік Уәли.
Оның айтуынша, 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.
