Головкиннің басты қарсыласы Сондерс спорттан кетпекші

27 жастағы британиялық спортшы кәсіпқой рингте 2008 жылдан бері жұдырықтасып келеді. Бүгінге дейін 24 жекпе-жек өткізіп, бәрін де жеңіспен (12 нокаут) аяқтаған. Өткен жылы жарақатына байланысты тек ресейлік Артур Акавоваға (16-2, 7 КО) қарсы бір ғана кездесу өткізе алды. Бұл айқаста ол төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

«Боксқа деген құштарлығым басылып қалды. Биік шыңдарға жеткен күйімде кетсем бе деген ойда жүрмін», – деп ол өзінің твиттер парақшасына жазды.

Әлемдік БАҚ спортшының мансабын аяқтағысы келіп жүр деп қабылдады.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин барлық белбеулерінің басын қосу үшін Сондерстің иелігіндегі титул ғана жеткіліксіз. WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы британиялық әріптесін жекпе-жекке бірнеше рет шақырған.

ДереккөзEgemen.kz