Нұр-Сұлтанда биыл 1681 адам коронавирустан қайтыс болды

Былтыр наурыз айында пандемия басталғаннан бері ПТР тестімен диагнозы расталған 652 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал биылғы тоғыз айда 1681 адам көз жұмды. Балалар арасында коронавирус диагнозынан қайтыс болғандар жоқ, олардың қатар жүретін ілеспе аурулары болды. Сонымен бірге қайтыс болғандардың арасында екі жүкті әйел бар», − деді Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта қала бойынша 990 төсек-орын қоры бар 7 инфекциялық стационар қызмет етеді.

Еске салайық, елімізде 10 қыркүйектің қорытындысы бойынша коронавирус пен пневмония жұқтырған 36 науқас қайтыс болды. Оның 25-і коронавирустан, 11-і пневмониядан қайтыс болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да