Басты бет / Жаңалықтар /
Словакия
Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия президентін Қазақстанға шақырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан-Словакия қатынастарының перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

dsc 1520 Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия президентін Қазақстанға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчоктың Қазақстанға сапарының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы тарихи датаға сәйкес келіп отыр. Екі айдан кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Келесі жылы Словакия да осындай тарихи межеге жетеді. 2019 жылы біз Братиславада елшілік аштық. Бұл біздің көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға бейілді екенімізді көрсетеді, – деді  мемлекет басшысы.

Президент министрге Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен осы елге көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек туралы айтты.

dsc 1712 Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия президентін Қазақстанға шақырды

Иван Корчок Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады.

Министр президенттің Қазақстанды жаңғырту ісіндегі көшбасшылық қабілетін, халықтың әл-ауқатын арттырудағы және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы еңбегін Словакия басшылығы жоғары бағалайтынын жеткізді.

dsc 1849 Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия президентін Қазақстанға шақырды

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия басшысы Зузана Чапутоваға сәлемін жолдап, оның келесі жылы Қазақстанға сапармен келетініне үміттенетінін айтты.

dsc 1769 Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия президентін Қазақстанға шақырды

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook