Бішкекте Абай үйі ашылды

Мәдени мұрамызды танытумен алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспоралары және отандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің желісін құру Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының бірегей жобасы.

Бұл жоба екі мемлекеттің шығармашылық, мәдени-ағарту, ғылыми, кәсіби және спорт ұйымдары арасында байланыс орнатуға, ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады. Шетелдегі отандастардың ұлттық-мәдени және зияткерлік әлеуетін дамытуға, оның ішінде қазақ тілін оқып үйренуіне қолдау көрсетпек, – деп жазды Мақпал Мыса Facebook-тегі парақшасында.

Бұл жобаға жауапты Мәдениет және спорт министрлігі мен «Отандастар» қоры таяуда Германия мен Ресей мемлекеттерінде Абай үйін ашуды жоспарлап отыр.