ШҚО-да жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, көлік Абай ауданының Қарауыл аулынан Саржал аулына қарай бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің өзі және 39, 36 және 35 жастағы төрт жолаушысы, сондай-ақ бір жарым жасар бала оқиға орнында қаза болды. Тағы бір 35 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетті, — деді Полиция департаментінің өкілдері.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4 бөлігі бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») соталды тергеу басталды.

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі, — делінген хабарламада.