Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұр-Сұлтанда көмірді қайдан сатып алуға болады?

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан бойынша көмір сататын 14 орын бар, олар тиісті инфрақұрылыммен, тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Онда сегіз компания өз қызметін жүзеге асырады, — делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, 1 маусымнан 4 қазанға дейін қалаға 80 мың тонна көмір келді.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 мың тоннаға аз. 6 қазандағы жағдай бойынша көмір қоры 9 685 тоннаны құрады. Бүгін қалаға 5 мың тоннадан астам көмір келіп, 8 мың тоннаға жуығы жолда келе жатыр. Көмір қоры уақытылы толықтырылып отырады, — делінген әкімдік хабарламасында.

Нұр-Сұлтан әкімдігі бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында барлық компаниямен тамыз айында бағаны өткен жылдың деңгейінде бекіту туралы меморандумдар жасалғанын хабарлады. Ол:

Шұбаркөл-тоннасына 13 300 теңге;
Қаражыра-тоннасына 12 500 теңге;
Майкөбе-тоннасына 12 000 теңге.

Қаражыра кен орнының көмірін мына мекенжайлар бойынша сатып алуға болады: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, «Сороковая» станциясы, №85 көше, 9/1 құрылыс.

Шұбаркөл көмірі Герцен көшесі, 6 Б, Герцен, 6/2, Жұбанов көшесі, 35, Жамбыл Жабаев көшесі, 76 мекен-жайлары бойынша сатылады.

Майкөбе көмірі Герцен көшесі, 6 Б, Герцен 6/2, Көктал, 28/1 мекен-жайлары бойынша сатылады.

Астанадағы «Богатырь» көмір кенішінің отыны Герцен көшесі, 6/2 мекенжайында сатылады.