Ресей Қазақстанның көмірін неге қабылдамады?

Бұл туралы брифингте «ҚТЖ — жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Қанат Көбесов айтты.

ТМД елдеріне 2,7 миллион тонна көмір жеткізілді. Қыркүйек айында экспорттық көрсеткіштің көлемі 90,5% болды. Экспорт жоспарланған көрсеткіштен 286,6 мың тоннаға аз орындалды. Дегенмен биылғы экспорттық көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда жоғары, — дейді Қанат Көбесов.

Экспорт жоспарының орындалмауына ресейлік порттардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты қазақстандық көмірді қабылдамауы себеп.

Сонымен қатар компания өкілі алдағы уақытта теміржол тасымалы тарифі өзгере ме деген сұраққа тоқталды.

Көмір тасымалы бойынша теміржол тарифі биыл өзгерген жоқ. Жыл соңына дейін де тариф өзгермейді, — деді Қанат Көбесов.