Telegram мессенджеріне бірнеше сағатта 50 миллионнан астам адам тіркелді

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі RT агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Біздің есебіміз бойынша, Telegram-ға бірнеше сағат ішінде 50 миллионнан астам жаңа қолданушы тіркелді, — деді TGStat аналитикалық қызметінің жетекшісі Юрий Кижикин.

Еске салайық, Facebook, Instagram және WhatsApp желілері дүниежүзі бойынша істен шыққан еді.

Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады.