Қазақтың «қанатты қызы» туралы кітап шықты

Жинақта даңқты ұшқыш­тың өзі жазған «Халқым үшін» («Әскери ұшқыштың жаз­­бала­ры») және «Под коман­до­ванием Рас­ковой» атты кө­лем­ді ес­те­ліктері берілген. Ол ави­а­ция тарихында тұңғыш рет әйелдерден құралған №588 түн­гі бомбалаушы әуе пол­кінің штур­ман-атқышы болған. Кітапта ал­ғаш­қы жауынгерлік тап­сыр­­масына жиырма жасында Крас­но­дон жерінен ұшып, ай­нал­дыр­ған бір жарым-екі жыл ішін­де Оңтүстік майданда, Сол­түс­­тік және Күн­гей Кавказда, Ук­­раина мен Бело­руссияда, По­льшада жау нысандарына 300 рет шүйліккен және соның барлығында жеңіске жет­кен жаужүрек қыздың естеліктері жинақталып жазылған.

Соғыс кезеңінде гвардия аға лейтенанты Хиуаз батыр Қызыл Ту ордені, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, «Кавказды қор­ғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Жұбан мен Са­ғын­ғали ақындар Хиуазды «қанатты қыз» деп атаған.

Жинақтың «Есімі ел есін­де қалар мәңгі» атты тарауы Хиуаз батырдың кейінгі ке­зе­­ңі­не арналған. «Қанатты қыз» соғыстан кейін де еліне үл­­­кен еңбек сіңірген. Бейбіт өмір­­­дегі еңбек жолын Батыс Қазақстанда аудандық партия ко­митетінің нұсқаушылығынан бас­таған ол, Алматы қалалық партия ко­ми­тетінің хатшысы кезінде де халық үшін ма­ңыз­­ды істерді шешуге белсене атсалысқан. Ал 1951 жылы Қа­зақ КСР Жо­ғар­ғы Кеңесінің депутаты бо­лып, ал­ғашқы сессиясында Пре­зи­диум хатшысы болып сайланған.

Хиуаз Доспановаға Елбасы жарлығымен 2004 жы­лы Ха­лық қаһарманы мәртебелі атағы берілген болатын.

 

ДереккөзEgemen.kz