Жазасын өтеушілерге қандай медициналық көмек беріледі?

Дүниежүзінде эпидемиялық ахуал нашарлағаннан бері Қазақстанда сотталғандар арасында ковид жұқтырған 214 науқас тіркелді.

Пандемия басталғаннан және елімізде алғаш коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелгеннен бастап біз арнайы контингент арасында ауруды жаппай жұқтыру жағдайларының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдадық. Бүгінде 2020 жылдың наурыз айынан бастап КВИ жұқтырудың 214 жағдайы тіркелді, − деді ол ІІМ-нің брифингінде.

Жанар Шайдуллинаның айтуынша, бүгінге дейін қолға алынған коронавируспен күрес шаралары әлі де жүргізіліп келеді. Қызметкерлердің 97%-і, арнайы контингенттің 96,7%-і инфекция жағдайларының алдын алу үшін вакцина алған.

Брифингте маман дәрі-дәрмек сатып алуға және науқастарды емдеуге қажетті барлық қаражат толықтай бөлінгенін еске салды.