Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2020 жылы кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысқан кезде 1 873 құқық бұзушылық тіркелген, бұл 2016 жылға қарағанда 44%-ке аз (3 343 бірлік). Құқық бұзушылықтардың үштен бірін (33,5%) топтағы кәмелетке толмағандар, 13,1% − қайта және 2,7% − алкогольдің әсерінен жасайды.
Құқық бұзушылықтар санының жалпы азаюына қарамастан, жасалған әрекеттердің ауырлығы азаймағандығын атап өткен жөн. Ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар саны 2016 жылы 653 жағдаймен (19,5%) салыстырғанда 2020 жылы 750 жағдайды (жалпы санының 40%) құрады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрылымында ең көп үлесті (53,6%) меншікке қарсы құқық бұзушылықтар (ұрлық және тонау), алаяқтық – 8,2% және автокөлік ұрлау – 4,3% құрайды. Құқық бұзушылықтарқұрамында ұрлық пен тонаудың үлкен үлесіне қарамастан, соңғы үш жылда олардың саны тиісінше 52,4%-ке және 68,2%-ке төмендеді.
Бес жылдан бері сотталған кәмелетке толмағандардың саны едәуір өсті. 2020 жылы олардың саны 2016 жылғы 378 сотталғанмен салыстырғанда 396 адамды құрады. Оның ішінде кәмелетке толмаған 63 (жалпы санынан 15,9%) бас бостандығынан айыруға, 52 (13,1%) – шартты, 6 (1,5%) – қоғамдық жұмыстарға және 275 (69,4%) – басқа жазалау шараларына сотталған.