«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау «Алматы – Адалдық Алаңы» жобасы аясында өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты − отбасы мен қоғамдағы парасаттылық мәдениетті қалыптастыру. Отбасы – бала тәртебиесіне әсер ететін әлеуметтік-тарихи тәжірибені, эмоционалды және іскерлік өзара әрекеттесуді бере алатын маңызды буын.

Байқауға барлығы 37 адам, оның ішінде мектеп және колледж оқушылары қатысты. Байқауға қатысу үшін келесі талаптар ескерілген: бейнежазбаның ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы керек. Негізгі идея − сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлдер. Барлық жұмыстар Instagram және Youtube платформаларында еркін қол жетімді болды.

Байқау қорытындысы бойынша 12 отбасы жеңімпаз атанды. Үздік үш жұмысқа 1, 2 және 3 орын, ал қалған жеңімпаздарды тоғыз түрлі номинация бойынша марапаттады. Олардың қатарында «Көптілді отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Өнерлі отбасы» және тағы басқа номинациялар бар.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын – Цой Давид, №10 мектеп

2 орын – Худяков Ян, №57 мектеп

3 орын-Алиханова Томирис, №125 мектеп

Номинациялар бойынша: Мырзашева Ақмарал – 141 мектеп, Жылқыбек Дархан – Құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, Советбек Жігер – 174 мектеп, Иманқожа Жарқын – Технология және фрористика колледжі, Сырым Әбсаматов – 154 мектеп, Ақзада Шамшатова – 138 гимназия, Құрмаш Дастан – 108 школа, Ұлболсын Әбілғапар – 103 мектеп, Ақжан Бағдәулет – Технология және фрористика колледжі.