Универсиада жеңімпаздарына 5 млн теңге сыйақы беріледі

Министрдің айтуынша, сыйақы мөлшері төмендегідей болмақ:

  • 1-ші орын — 4 млн 900 мың теңге;
  • 2-ші орын — 3 млн 300 теңге;
  • 3-ші орын — 1 млн 600 мың теңге табысталады.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қазіргі кезде Универсиадада өнер көрсету үшін студенттердің құрама командасын дайындаудың соңғы кезеңі жүріп жатқанын баяндады. Осы мақсатта спортшылардың даярлық, жарыс және қалпына келтірудің жоспарланған кезеңдерінің орындалуын қамтамасыз ететін мамандар мен жаттықтырушылар бригадалары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда шараға қатысатын командалардың құрамы анықталған. Универсиадаға Қазақстан атынан жарыс бағдарламасына енген барлық спорт түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады.

Оқу-жаттығу үрдісінің кестесіне сәйкес, құрама командалар медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Универсиада кезінде Қазақстанның құрама командасына Республикалық спорт медицинасы мен оңалту орталығының 12 маманы және қосымша қысқы спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың мамандары қызмет көрсететін болады.

Айта кету керек, Қазақстан он екі Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысқан, онда 44 медальға ие болған, олардың 18 алтын, 13 күміс, 13 қола.

Қазақстанның Бүкіләлемдік студенттік ойындарға қатысуының ең үздік жетістігі 2015 жылы Словакия мен Испанияда түрлі құндылығы бойынша 11 медаль алуы, оның 5 алтын, 6 күміс. Осылайша Қазақстан командасы үшінші орынға көтерілген еді.

Дереккөз24.kz