Алматыға қазанда Pfizer вакцинасы жеткізіледі

Біз де Pfizer вакцинасын күтіп отырмыз. Қазан айының соңында болу керек. Бірақ әзірге Денсаулық сақтау министрлігінен жеткізу кестесін алған жоқпыз. Қазіргі уақытта біз клиникалармен осы вакцинаны салдырғысы келетіндердің тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, − деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар, ол Алматы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақта екенін атап өтті. Айта кетейік, өткен тәулікте 6 960 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 324, ал II компонентін 4 636 адам салдырды.