Айдын Айымбетов «Қазақстан ғарыш сапарының» басшысы болды

Айдын Айымбетов 1972 жылы Алматы облысы, Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылында дүниеге келген.

Айта кетейік, ол Әскери − әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде халықаралық ғарыш стансасына ұшты.

2009-2010 жылдары –  Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жылдары –  ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жылдары – «ҰҒЗТО» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жылдары –  «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жылдары –  «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі вице-президенті.

2019-2021 жылдары – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – өндіріс жөніндегі басқарма мүшесі.

Сонымен бірге Айдын Айымбетов – ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие.