Президент Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын наградтады

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

«Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) — Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) —  Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

«Ерлігі үшін» медалімен

Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) — Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы».

Еске салайық, 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында бір ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын және үйдің жаңа иесі мен оның танысын атып өлтірді.