Шымкенттегі аттракционда бір адам қайтыс болды

Белгілі болғандай, 50 жастағы ер адам «Балға» аттракционына мінген кезінде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Дәрігерлердің айтуынша, өлімнің себебі – инфаркт болған.

Ал куәгерлер болса, технопарк қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете алмағанын айтты. Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұл «Қиял әлемі» технопаркінде орын алған алғашқы қайғылы оқиға емес. Осы жылдың мамыр айында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғадан қаза тапқан еді.