Геннадий Головкиннің кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы категорияда WBA Super титулының иегері Риото Муратамен біріккен жекпе-жек туралы келісті.

ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, жұдырықтасуды 28 желтоқсанда Кобада (Жапония) өткізу жоспарланған.

Боксшылар сонымен қатар бұл жекпе-жекті өткізу үшін DAZN стримингтік сервистен рұқсат алуға тиіс.

Айта кетейік, екі қарсылас рингке ұзақ уақыт бойы шықпаған. Головкин соңғы рет рингке 2020 жылдың желтоқсанында шығып, онда поляк боксшысы Камил Шереметаны сүріндірген еді. Мурата болса, соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында жұдырықтасып, Канада боксшысы Стивен Батлерді жеңді.