Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Алматы – Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі әрі спикер Айнұр Сәбитова қоғам қайраткерлерін, сарапшылар қауымдастығын, ғалымдар құрамын, қоғамдық пікір көшбасшыларын, азаматтарды 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылауға шақырды.
Жобаны талқылау басталып, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бұл жұмысқа дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жекелеген ұсыныстар атап өтілді. Айдың басынан бастап іс-шаралар мен Nur Otan партиясымен кездесулер өтті. Партия өкілдері, шақырылған депутаттар белсенді қатысты. Бұл бастаманы профессорлар құрамы да қолдады, − деді Айнұр Сәбитова.
Спикер стратегиялық құжатты Алматы қаласында талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Алматының рөлі өте маңызды. Мұнда сарапшылар мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, қоғамдық саясат институттары, профессорлар құрамы, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық пікір көшбасшылары және блогерлер жиналған. Ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысқысы келеді. Сонымен бірге әрқайсысы өз ұсыныстарын adal.com.kz сайтына жібере алады, − деді спикер.
Стратегиялық құжатты әзірлеу кезінде елдегі сыбайлас жемқорлық жағдайын талдау, халықаралық тәжірибе, жұмыс қорытындылары, болдырмау жұмысын масштабтау, халықаралық ынтымақтастықтың, сарапшылар қауымдастығының ұсынымдары, индикаторлар мен күтілетін нәтижелер негізге алынады.
