Antiкor Almaty-да жыл басынан бері 60-тан астам сұрақ қаралды

Брифинг барысында Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің спикерлері жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындыларын мәлім етті.

Азаматтардың өтініштеріне деген көзқарастар түбегейлі қайта қаралды. Есептік кезеңде департаментпен 50 азаматты қабылдау жүргізілді, түрлі қызмет саласындағы мәселені шешу бойынша 71 азамат қабылданып, 62 сұрақ қаралды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуының маңызды құралдарының бірі – «1424 сall-орталығы». оған қаланың кез келген тұрғыны барлық сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жүгіне алады. Ағымдағы кезеңде азаматтардан 57 өтініш келіп түсіп, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды, − деді Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.

Негізінен мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ақша қаражатын бөлу саласында қабылданатын шешімдер, мемлекеттік гранттар беру, конкурс жеңімпазы деп танылғаны үшін пара алу, жалған актілерге қол қою, қылмыстық сөз байласуда ақша ұрлау, ғылыми жобаларды қаржыландыру туралы мәселені оң шешкені үшін заңсыз сыйақы алу, оқу орындарына тиесілі жер учаскелерін заңсыз иеліктен шығару сыбайлас жемқорлыққа бейім келеді.

Жоғары оқу орындармен ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Университеттер – дамудың негізгі платформасы. Кез келген елдің болашағын өскелең ұрпақ анықтайды, көптеген мемлекетте білім – инвестицияның басты бағыты. Өйткені ол болашақта тұрақты қоғам құруда шешуші рөл атқарады. Біздің жастарымыз – халықтың неғұрлым белсенді бөлігі, әрі ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды факторы бола алады. Мұны есте сақтау маңызды, − деп Данияр Таумұрат атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да