Алматыда полиция көліктеріне «Сергек» орнатылды

Алматыда айыппұл төлемей жүргендерді анықтайтын «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Алматы полициясы «Борышкер» жедел болдырмау іс-шарасын жүргізіп жатыр. Жол қозғалысы көп жерлерде шараны өткізуге жол-патрульдік полициясының автокөлік экипажы қатысады. Әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейтін «ЖҚҚ» ААЖ және «Сергек» АӨК де қолданылады, – деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сонымен бірге құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады.

Жоспарланған кезеңдік іс-шара, шектеулері бар адамдар мен көлік құралдарын анықтауға, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша міндеттемелерді ерікті түрде, заңмен белгіленген мерзімде орындамаған адамдарды анықтауға бағытталған. Қозғалып келе жатқан көлік ағынының арасында жүйе құқық бұзушының көлігін анықтайтын болса, инспектор көлікті тоқтатады және тоқтау себебін түсіндіреді. Содан кейін құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады. Тұру орнында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес тәркілеу хаттамасы жасалады, – деді полиция бастығы.

Нұрлан Аманбектің айтуынша, мұндай әкімшілік шаралар құқық бұзушылардың заңды міндеттемелерді уақытында орындауына тиімді әсер етеді.