Коронавирус пен пневмония жұқтырған 59 қазақстандық қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 67 404 адам коронавирус инфекциясынан (58 738 + және 8 666 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 000 адамның жағдайы ауыр;
• 248 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 411 адамнан коронавирус анықталды.